Алматыдағы Медеу мұз айдыны аумағында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Әкімдік мәліметінше, жаңа аллеялар мен серуендеу маршруттары салынып, жаяу жүргіншілерге арналған баспалдақтар орнатылады. Есентай өзені бойында көркейту жұмыстары жүргізіліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін екі жедел саты орнатылады.
Инженерлік жүйелер мен электр жабдықтары толық жаңартылады, ал тарихи келбеті сақталады.
Автор
2