Share This Article
Италияның Турин қаласында ұйымдастырылған XXXII Қысқы Универсиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыста 14 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте 12-орын алды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Эстафетада (5000 метр) Дінмұхамедалдияр Тәжібай, Санжар Жанысов, Айбек Темірхан, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов мәреге үшінші жетті.
Бұл — XXXII ойында ұлттық құраманың еншісіне түскен 14-медаль.
Универсиада қорытындысы бойынша отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды.
? Анастасия Городко (фристайл могул)
? Анастасия Городко (параллель могул)
? Никита Акимов (биатлон)
? Аяулым Әмренова (параллель могул)
? Антон Бондарев (параллель могул)
? Денис Зинов (парашаңғы, спринт)
? Денис Зинов (парашаңғы, 10 км)
? Роман Құрбанов (парашаңғы, спринт)
? Роман Құрбанов (парашаңғы, 10 км)
? Арина Крюкова (биатлон)
? Софья Самоделкина (мәнерлеп сырғанау)
? Кирилл Бауэр (биатлон)
? Шорт-тректен аралас құрама
? Шорт-тректен ерлер құрамасы
Жалпыкомандалық есепте Франция құрамасы бірінші орынды иеленді. Одан кейінгі орындарға Оңтүстік Корея мен Финляндия елдері орналасты.

