Share This Article
Қазгидромет Астана, Шымкент және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің мәліметінше, 24 қаңтарда еліміздің бірнеше аймағында қатты аяз, тұман, қар және күшті жел күтіледі. Осыған байланысты мектептерде сабақтар қашықтан ұйымдастырылып, кейбір тас жолдар уақытша жабылды.
Алматы облысы
Түнде облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында -31 градусқа дейін аяз күтіледі. Сонымен қатар, өңірдің солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аймақтарында тұман түседі.
Ұлытау облысы
Солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, шығыстан және оңтүстік-шығыстан екпінді жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Қарағанды облысы
Түнде облыстың басым бөлігінде -35-38 градус қатты аяз күтіледі. Солтүстік пен шығыс аудандарда тұман түседі.
Жетісу облысы
24-25 қаңтар аралығында облыстың солтүстігі мен таулы аймақтарында 30-33 градусқа дейін аяз болады деп болжануда.
Батыс Қазақстан облысы
Күндіз облыстың батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, желдің екпіні күндіз 15-20 м/с болады.
Атырау облысы
Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Солтүстік және шығыс аудандарда қар жауып, бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік аудандарда қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Абай облысы
Солтүстігінде қар жауып, бұрқасын болады. Желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Ақтөбе облысы
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен орталығында 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қызылорда облысы
Облыс орталығында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.
Маңғыстау облысы
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.
Түркістан облысы
Солтүстік және таулы аудандарда жаяу бұрқасын, ал оңтүстік бөліктерінде тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл облысы
Таулы аудандарда қар жауып, бұрқасын болады. Тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қостанай облысы
Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз солтүстік бөлігінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысы
Күндіз солтүстік аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.