Share This Article
АҚШ-тың жаңа президентінің айтуынша, Ресей президентімен кездесу келіссөздер басталған кезде өтеді, ал ол үшін дайындық қазірдің өзінде басталып кеткен, деп хабарлайды barysmedia.com.
“Мен оның келісімге келгісі келетініне үміттенемін”, — деді Трамп.
Сондай-ақ Американың президенті Украина президенті Владимир Зеленский қақтығысты тоқтату туралы келісімге келуге дайын екенін айтты.
Журналистің Украинадағы қақтығысты бір күнде тоқтату туралы уәдесіне қатысты сұрағына Трамп: “Қазірге дейін жарты күн өтті. Менде әлі жарты күн бар. Біз бұны мүмкіндігінше тезірек шешуге тырысамыз. Білесіздер ме, Украина мен Ресей арасындағы соғыс ешқашан басталмауы керек еді”, – деп жауап берді.