Share This Article
Қаржы министрлігі фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбекші, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Құжатқа сәйкес, 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға төменгі бөлшек сауда бағаларын мынадай мөлшерде бекіту көзделген:
- 2024 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда 820 теңге;
- 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 870 теңге;
- 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің ең төменгі бағасы 770 теңге болды
- Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін “Ашық НҚА” сайтына орналастырылған.