Share This Article
Астана әкімдігі Қайрат Боранбаев мемлекет меншігіне өткізген Comfort Hotel Astana қонақүй кешенін кім басқаруына алғанын айтты, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қонақүйді сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық барысында бір өтініш – “Invesco PowerShares Capital Management” ЖШС-нен түсті, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ұлттық статистика бюросы сайтындағы мәліметке сәйкес, компания Қазақстанда 2021 жылы тіркелген. “Invesco PowerShares Capital Management” ЖШС экономикалық, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау саласындағы пәнаралық зерттеулер мен әзірлемелермен айналысады. Шағын бизнеске жатады.
Чикагоға жақын жерде орналасқан Invesco PowerShares деген ірі америкалық инвестициялық басқару компаниясы да дәл осылай аталады. Ол биржалық қорларды басқарады.
Тендер шарты бойынша, тіпті бір қатысушыға да саудаласуға рұқсат етілген. Тендердің жеңімпазы 3 920 000 000 теңгеге қонақүй кешенін алды. Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион 914 мың теңге болады.