Share This Article
Ұлытау облысында бірнеше шенеунік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ұлытау облысының прокуратурасы прокурордың заңды талаптарын орындамау, прокурорды хабардар етпеу және прокурорлық қадағалау актілерінде көрсетілген заңдылық бұзылуын жою туралы шараларды қабылдамау деректері бойынша “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” кодекстің 664, 665, 666-баптары бойынша 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады.
“Оның нәтижелері бойынша сотпен Ұлытау облысы әкімінің 2 орынбасары, Жезқазған қаласының әкімі, Ұлытау ауданы әкімінің м.а., Жезқазған және Сәтбаев қалалары әкімдерінің орынбасарлары, білім және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ, Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының м.а. әкімшілік жауапқа тартылды”, – деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі таңда кінәлі тұлғалар жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл төледі.