Share This Article
Қарағанды тұрғыны электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікті қарағандылықты ұстаған.
“Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды. Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 миллион теңгеден асады.
Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.