Share This Article
Синоптиктер Қазақстанда 30 қаңтар – 1 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Болжам бойынша, Қазақстанда синоптикалық жағдай тұрақсыз ауа райын туғызады: солтүстік облыстарда қар түрінде, оңтүстік өңірлерде бұрқасын және жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман күтіледі.
“Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді”, – делінген хабарламада.