Share This Article
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы «бір Қытай» қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды”, – делінген хабарламада.
Сонымен бірге ведомство Қытай Халық Республикасының үкіметі бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растады.
“Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз”, – делінген мәлімдемеде.