Share This Article
Батыс Қазақстан облысында 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу деректері анықталды.
Яғни, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кірген.
Осылайша, бұл үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша 14 мектеп директоры Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабы 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазір ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.