Share This Article
ҚР Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекітті, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Аймақтар бойынша бекітілген максимал бағалар мынадай:
- Астана — 76 теңге;
- Алматы — 81 теңге;
- Шымкент — 64 теңге;
- Алматы облысы, СҚО — 81 теңге;
- Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары — 54 теңге;
- Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары — 76 теңге;
- Жамбыл облысы — 71 теңге;
- Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары — 64 теңге;
- Павлодар облысы — 74 теңге.
- Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары — 76 теңге.
