Share This Article
Алматыда Түргеннен Қаскелеңге дейін тау кластері құрылады. 2023 жылдың 9 айында Алматыда туристер саны 17,4% өсіп,1,5 млн адамнан асты. Соның ішінде шетелдік туристер – 1,5 есе, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың айтуынша, 2023 жылдың соңына дейін туристердің саны 2 млн адамға дейін артады деп болжанған.
«Бұл ретте мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Алматы агломерациясы шеңберінде Түргеннен Қаскелеңге дейінгі тау кластерін дамытудың негізгі тәсілдері айқындалды. Туристердің қызығушылығын ояту үшін 6 орын мен тартымды жерді қосу көзделеді. Олар: Қаскелең мен Түрген шатқалдары, Үлкен Алматы көлі, Медеу-Шымбұлақ, Талғар-Есік, Ақ-бұлақ», — деп бөлісті Ерболат Досаев.
