Көлік министрлігі 2025 жылы Қазақстанда 4,7 шақырым жаңа жол салу жоспарланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жаңа жолдарды салу жобасы барысында І санаттағы 3,7 мың шақырым жол және II санаттағы 1 мың шақырым жол төселеді.
2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:
- «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),
- «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым),
- «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым),
- «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым),
- «Атырау – Доссор» (86 шақырым),
- «Рудный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым),
- «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым),
- «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым).
