Share This Article
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:
№201/202 «Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент» – астанадан үш рейс 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары жүреді. Шымкенттен 16, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2 қаңтары жүреді.
№203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Алматы 2» – бес рейс «Нұрлы жол» вокзал кешенінен 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары жүреді. Алматыдан 2-16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары жүреді.
Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады.
«Сонымен қатар Астанадан Павлодарға №7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген. Пойыз елордадан биыл 15, 29, 30 желтоқсанда, қарсы бағытта – 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтарында шығады», — деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
