Share This Article
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында қызылша жұқтырғандардың 80 пайызы вакцина салдырмағандар, – деп хабарлады barysmedia.com тілшісі.
Министрдің айтуынша, елімізде 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14 465-ы балалар. Ал ауырған 14 мың баланың 83%-ы вакцина алмаған. 60% ата-ана баласына екпе егуден бас тартты, қалған балалар егу жасына жетпеген немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
“Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкентте – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, 2375 бала стационарлық емде, 59,5%-ы төсек тартып отыр, резерв 1093. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 15 бала 1 жасқа толмаған”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.