Share This Article
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен Қазақстанға келеді, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Мұрат Нұртілеу ресми сапармен Бішкекте жүр.
«Екі елдің сыртқы істер ведомстволарының басшылары кіші және кеңейтілген құрамда саяси, сауда-экономикалық, су-экономикалық салалардағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қырғыз-қазақ қатынастарының жай-күйі мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылы туралы пікір алмасты», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, министрлер екі елдің мемлекет басшылары, парламенттері мен үкіметтері деңгейінде тұрақты саяси және экономикалық байланыстарды қолдауға өзара мүдде танытқаны атап өтілді.
