Share This Article
Заңгер Жанна Мұхамади Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу аяқталғанын айтты, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Адвокаттың айтуынша, өткен аптаның соңында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабарланған.
“Қазір біз іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық. Бірақ қылмыстық істің материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Мұндай істер бойынша менің тәжірибем жеткілікті, бұрын да қатыстым. Бірақ мен сарапшылардың қорытындысына таңғалдым. Мұндай қатыгездік пен байсалдықты бұрын-соңды көрген емеспін. Қазір Салтанаттың туыстарына деген құрметімізден кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз”, – деп жазды Жанна Мұхамади.
Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғаушы тарапынан өтініштер түскеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберілген.