Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі үкіметтің баспасөз қыземітне сілтеме жасап.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімі бойынша, Алматы қаласындағы хостелде орын алған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.
"Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сондай-ақ Алматы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссия төрағасы ҚР Төтенше…
Read more
Алматы әкімдігі 13 адам қаза тапқан өрт жөнінде пікір білдіріп, өрттен зардап шеккендер қайда орналастырылғанын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды, оның үшеуі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.
"Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді, қажетті медициналық және психологиялық көмек толық көлемде…
Read more
Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адам қаза тапты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"2023 жылғы 30 қарашада Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен үш адам сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Ресми деректер бойынша, өрт орнынан 59 адам эвакуацияланған.
"Қазір 56 адам жақын маңдағы мектепкк уақытша орналастырылды. Ыстық тамақ берілді,…
Read more
Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс, заңға бағынбағандарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс. Егер талап орындалмаса, көлік иелеріне айыппұл салынады.
Оның мөлшері - 3 АЕК (11 076 теңге - еск.). 2024 жылы 1 АЕК…
Read more
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:
№201/202 "Нұр-Сұлтан 1 – Шымкент" – астанадан үш рейс 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары жүреді. Шымкенттен 16,…
Read more
Алматыда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа велосипед жолағы пайда болды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жаңа велосипед жолағы Манас көшесінің батыс жағынан Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейін жасалған. Сондай-ақ, Манас көшесі бойымен Шевченко көшесінен Абай даңғылына дейін ені 3 метр және ұзындығы 400 метрге жуық велосипед жолы салынды, көше бойында тұрақ орындары ұйымдастырылды.
Осылайша Шевченко…
Read more
Екіжақты келіссөздерден кейін Мемлекет басшысы мен Того Президенті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, шақыруын қабыл алып, елімізге ресми сапармен келгені үшін Президент Гнассингбеге ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысының пікірінше, Того Президентінің сапары екі ел арасындағы қатынастарды дамытуға жол ашады. Құрлықаралық байланыстың жоғары деңгейде…
Read more
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбемен келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Фор Гнассингбеге ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға тарихи сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
"Қазақстан Сіздің еліңізбен жан-жақты ынтымақтастықты ілгерілетуге мүдделі. Бұған…
Read more
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында елдегі ақылы жолдар желісін кеңейту жоспарына тоқталды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрдің сөзінше, жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Осы орайда ол республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында ақылы жолдардың көлемін кезең кезеңімен енгізіп жатырмыз деді.
"Қазір 3 мың 200 шақырымда…
Read more
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында қызылша жұқтырғандардың 80 пайызы вакцина салдырмағандар, - деп хабарлады barysmedia.com тілшісі.
Министрдің айтуынша, елімізде 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14 465-ы балалар. Ал ауырған 14 мың баланың 83%-ы вакцина алмаған. 60% ата-ана баласына екпе егуден бас тартты, қалған балалар егу жасына жетпеген немесе медициналық…
Read more
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында қызылша жұқтырғандардың 80 пайызы вакцина салдырмағандар, – деп хабарлады barysmedia.com тілшісі.
Министрдің айтуынша, елімізде 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған, оның ішінде 82%-дан астамы немесе 14 465-ы балалар. Ал ауырған 14 мың баланың 83%-ы вакцина алмаған. 60% ата-ана баласына екпе егуден бас тартты, қалған балалар егу жасына жетпеген немесе медициналық қарсы көрсетілімдері бар.
“Қызылшамен ауырғандардың ең көп саны Шымкентте – 3 016 жағдай, Алматы қаласында – 2 653 жағдай, Жамбыл облысында – 2 370 жағдай тіркелді. Бүгінгі таңда елімізде қызылшамен ауыратындарға арналған 3,5 мыңнан астам орын ашылды, 2375 бала стационарлық емде, 59,5%-ы төсек тартып отыр, резерв 1093. Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда, оның ішінде 15 бала 1 жасқа толмаған”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.