"Сергек" камерасы жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарды елемейтін жүргізушілерді тіркейтін болады. Пилоттық жоба Алматыда іске қосылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Талдау деректері бойынша, биылғы 11 айда автокөлік астында 556 жаяу жүргінші қаза тапты, оның 478-і жаяу жүргіншілер өткелінде. Жүргізуші тәртібін арттыру өліммен аяқталған жол апаттарының азаюына ықпал етед", – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше…
Read more
Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.
"Алдын-ала мәлімет бойынша, фильм түсіруге бөлінген 400 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды.
Соталды тергеп-тексеруді Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр",…
Read more
Маңғыстау облысының Жетібай ауылында West Oil компаниясының 500-ден астам жұмысшысы бір апта бойына ереуілдеуде. Олар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына ауысуды, еңбекақы төлеімінің бірыңғай жүйесін енгізуді және ескірген техниканы жаңартуды талап етеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұған қатысты "West Oil Software" ЖШС компаниясы өз ұстанымын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"ОТК" ЖШС мен "WOS" ЖШС арасында 2027 жылға…
Read more
5 мың жылдық тарихымен және бірегей архитектуралық құрылымымен әлем назар аударатын Бирги Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO) «3 жылдағы ең жақсы туристік ауылдар тізіміне» енді. Бирги Түркиядағы Сакария Таракли мен Невшехир Мұстафапашадан кейін осы тізімге енген 3-ші ауыл болды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) әлемнің түкпір-түкпірінен көрнекті ауылдық туристік бағыттарды біріктіретін…
Read more
Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесімен (GSTC) үкімет деңгейінде келісімге ең бірінші қол қойған ел – Түркия. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгерісі конференциясындағы Түркияның панельдік отырысында елдің Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасы талқыланды. Пікірталасқа Кападокия университетінің ректоры, профессор, доктор Хасан Али Карасар модераторлық етті және Түркия туризмді алға жылжыту және дамыту агенттігі (TGA) Басқарма мүшесі Каан Касиф Кавалоглу,…
Read more
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) Түркияның Измир қаласы Селчук ауданындағы Ширинже ауылы «Әлемнің ең үздік туристік ауылы» деп аталды. Ширинже – табиғаты, тарихы, мәдениеті және гастрономиясымен танымал Түркияның Эгей теңізінің тамаша жағалауындағы ең сұлу аймақ.
Теңіз деңгейінен 350 метр биіктікте орналасқан елдімекенге тау жолы арқылы жетеді. Туристерді мандарин, інжір және зәйтүн ағаштар, құстардың…
Read more
Стамбул «Travel + Leisure» (T+L) «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орын» тізіміне енді және 2024 жылы саяхатшыларға ұсынылатын туристік бағыт болды. Қаланың жарқын атмосферасы мен көрікті жерлері қонақтарға ұмытылмас әсер береді. » T+L» журналы «2024 жылы саяхаттауға болатын ең үздік 50 орынды» құрастырып, оның редакторларының назарын аударып, алдағы жылға сапарларын жоспарлауға шабыттандыратын бағыттарды,…
Read more
Мәскеудегі ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан облысының еркін экономикалық аймағында жүк көтергіш жабдықтарды жасап шығару бойынша Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы ұсынылды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары жүргізіліп, іргетасы қаланған, 2024 жылғы…
Read more
2023 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 11 күн демалады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тойлайды. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен демалыс күні 18 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 16-18 желтоқсан аралығында, яғни үш күн қатарынан демалады. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 16 және 17 желтоқсанда ғана болады.
Read more
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автобанының "Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.
"Жамбыл…
Read more
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автобанының “Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.
“Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр.
Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.
14 желтоқсанда сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланғаны айтылды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылған (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).
“Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтыланып жатыр. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.
Төтенше жағдай салдарынан “Шу Отар” учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігіп жатыр”, – делінген хабарламада.
Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.
“Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жеткені айтылды. Алдағы күндері “Қазгидромет” РМК болжамына сәйкес 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады”.
Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды: 8 7262 513575, 51 41 67.