Ұлттық құрылтай құрамында ротация жасалды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ұлттық құрылтайдың жұмысына жұртшылықтың жаңа өкілдері – ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева, "Қазақстан кәрістер қауымдастығы" ЗТБ төрағасы Юрий Шин, Қазақстанның Еңбек Ері, Семей қаласындағы № 7 мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шұқыжанова, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Нұрлан Әуесбаев, Никита Шаталов, Zhubanov university…
Подробнее
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бір жол жабылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты Батыс Қазақстан облысының "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов-РФ шек." республикалық маңызы бар автожолының 145-201-шақырымы, Жалпақтал а. -Қазталов а. арасында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді", - делінген хабарламада.
Республикалық маңызы…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысының Италияға ресми сапары Президент Серджо Маттарелламен кездесуден басталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Қазақстан Президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтты. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қатынасы ұзақ…
Подробнее
Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 10 миллиард теңге жұмсаған, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекеттік корпорация мәліметінше, 2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмір бағасы 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге) болады.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат…
Подробнее
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылы республикалық бюджеттен 2,3 миллион адамға 3,3 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 триллион 16,6 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 297,4 миллиард теңге бөлінген.
"2023 жылғы 1 қаңтардан бастап…
Подробнее
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптан Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысын және елімізде өзге де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Үкімет еліміздің көлік-логистика әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлетіні аталып өтті. Сондықтан Алматыда жаңа халықаралық терминал құрылысы сынды үлкен жобаны жүзеге асыру стартегиялық…
Подробнее
Тоқаевты Италияға ресми сапармен барды. Қазақстан президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды, - деп хабарлайды barysmedia.com Ақордаға сілтеме жасап.
Президентті күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар, президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек…
Подробнее
Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тағы бір бап бойынша айыпталып жатыр, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұған дейін бұрынғы министрге қатысты іс "Аса қатігездікпен кісі өлтіру" бабы бойынша тергелген еді.
Енді Бишімбаевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2- тармағы, яғни "Азаптау" бойынша қосымша айып тағылып отыр. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Подробнее
ІІМ жүргізушілерді қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, ауа райының бұзылуы, жолдың нашар көрінуі, сондай-ақ жолдарда көктайғақ кезінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі. Қыстың басынан бері мыңнан аса, оның ішінде қаңтарда үш жүзден аса жол…
Подробнее
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдіктерді электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғанына және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылап отырмағаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, бұрын басталған ірі жобаларды іске асыру созылып кетті. Солардың бірі – Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші энергия блогын салу жұмыстары.
"Бір ай мерзімде құрылыс жұмыстарын бастау қажет", - деді Әлихан Смайылов.
…
Подробнее
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов әкімдіктерді электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғанына және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылап отырмағаны үшін сынға алды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оның айтуынша, бұрын басталған ірі жобаларды іске асыру созылып кетті. Солардың бірі – Екібастұз ГРЭС-2-нің 3-ші энергия блогын салу жұмыстары.
«Бір ай мерзімде құрылыс жұмыстарын бастау қажет», — деді Әлихан Смайылов.
У
Оған қоса батыс энергетика аймағын Бірыңғай ұлттық жүйеге қосу мәселесі шешімін таппай отыр. Осыған байланысты «KEGOС» компаниясына биыл «Ақтөбе – Атырау» электр беру желісін салу жұмыстарын бастау тапсырылды.
«Бүгінде Энергетика министрлігі жаңа газ генерациялау объектілерін салу орындарын айқындады. Олар – Қызылорда, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау және Ақтөбе қалалары. Осы жобаларды іске асыру үшін ақпан айының соңына дейін қажетті рәсімдерді бастау қажет», — деді премьер-министр.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы әкімдіктердің өңірлік электр желілерін дамыту жұмыстарынан шеттеп қалғанын айтты.
«Өңірлік электр желілік компаниялары өздерінің инвестициялық бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын бақылап отырған жоқ. Бұған желтоқсан айында еліміздің солтүстік өңірлерінде электр қуатының жаппай өшіп қалуы дәлел. Жергілікті атқарушы органдар өңірлік электр желілік компаниялардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуі тиіс», — деп түйіндеді Үкімет басшысы.