Қазақстанда енді мопед көлік құралына жатқызылуы мүмкін, сондықтан азаматтарға оны тіркеу міндеттелуі мүмкін, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының кейбір түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.
«Негізгі заңда шағын электрлі және көлік құралдарының кейбір түрлерінің қозғалысын…
Read more
ҚР Спортты дамыту дирекциясы Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, Ұлттық федерацияға беріледі. Бұл ел қоржынына түскен 51-жолдама екенін айта кетейік. Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.
Айта кетейік, осыған дейін 50-ші жолдаманы көркем гимнастикадан…
Read more
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жаслан Мәдиев:
Ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндады:
мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан;
реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау…
Read more
Елімізде өрт қаупі жоғары маусым басталды. Мамыр-маусымда қатты ыстық болады деген болжам бар, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, еліміздің барлық аймағында өртке қарсы бақылау жұмыстары күшейтілді. Қосымша жаңа техникалар алынып, қауіпті аймақтар әуеден бақыланып жатыр.
"2001, 1994 жылғы нақты деректерге жүргізілген талдау ескерілді. Осылайша, мамыр және жаз айларында республиканың басым бөлігінде…
Read more
Орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнбек Әлімханұлына (15-0, 10 КО) тосын ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жәнібек шілде айында міндетті қорғауын өткізетінін хабарлап, титулдарды біріктіретін жекпе-жек әлі өтпейтінін әлеуметтік желіде жазды.
Бұған твиттер қолданушылардың бірі Жәнібекке «үлкен жұлдыз» – атақты қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шақыруды ұсынды.
Read more
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан туын спортшылардан кімдер ұстайтынын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Үміткерлер бар. Біріншіден, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Асланбек Шымбергенов (71 келі). Екіншіден, қыз спортшы бар. Бірақ оның аты әзірше белгісіз. Лицензиялық турнирлер енді бітеді, содан кейін оның атын айтамыз.
Қазір (Надежда Дубовицкаяда) лицензия…
Read more
10-11 мамырда Қазақстанда Әзірбайжан Республикасы (Жейхун Байрамов) мен Армения Республикасының (Арарат Мирзоян) Сыртқы істер министрлері кездесу өткізді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Келіссөздерден кейін қос тараптың ведомствосы министрлер делимитация бойынша прогресті қолдап, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады деген сипатта тиісті есеп жариялады.
"Министрлер мен олардың делегациялары Армения мен Әзірбайжан арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық…
Read more
Биыл жазда Қазақстанда алғаш рет көлік туннелі пайдалануға беріледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Жол құрылысы маусымы аясында көлік министрі Марат Қарабаев Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда ведомство басшысы бірқатар нысанның құрылысымен танысты.
Марат Қарабаев республикалық маңызы бар М-32 "Самара - Шымкент" тас олының "Қызылорда -…
Read more
Қазақстанда теледидар мен радио уақытша өшіріледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
"Осыған байланысты, 2024 жылғы 15 мамыр сағат 03:00 мен 17:00 аралығында телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық…
Read more
Мемлекет басшысы "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Бұл құжат бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіруге…
Read more
Мемлекет басшысы “Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жарлық Президенттің биыл 7 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Бұл құжат бәсекелестікті дамыту, экономикаға мемлекеттің араласуын қысқарту, бизнес шығындарын азайту арқылы кәсіпкерлік еркіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Біріншіден, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің жанынан жекешелендіруге жататын мемлекеттік активтердің критерийлерін әзірлеуді және олардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз ететін Жекешелендіру жөніндегі ұлттық офис құру көзделген.
Екіншіден, “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ мен оның еншілес компанияларында корпоративтік басқарудың дербестігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ олар жүзеге асыратын сатып алу процестерін жетілдіру жөніндегі шаралар қарастырылған.
Үшіншіден, тауарлар нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін бірқатар нақты шараны іске асыру көзделіп отыр.
Төртіншіден, бизнес ашу және жүргізу үшін реттеу саясатын одан әрі жетілдіру және рәсімдерді ырықтандыру шаралары ұсынылады. Осылайша, тұтынушылардың квазимемлекеттік ұйымдар көрсететін коммерциялық қызметтерге қолжетімділігін, техникалық шарттарды алу және инженерлік желілерге қосылу рәсімдерін жеңілдету және автоматтандыру (цифрландыру) көзделеді.
Қазақстандық стандарттар бойынша міндетті түрде жобалау-сметалық құжаттама әзірлемей, объектілерді салу үшін озық халықаралық стандарттарға сай келетін жобаларды пайдалануға мүмкіндік беру тапсырылады.
Бесіншіден, Жарлықта бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейтуге, соның ішінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды қылмыс санатынан алып тастау, мемлекеттік органдар бастамашылық ететін тыйым салу-шектеу шараларын прокурорлармен келісу және басқа да рәсімдер арқылы күшейтуге бағытталған іс-шаралар кешені жеке блок ретінде берілген.
Жарлықтың жүзеге асырылуы экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесін ауқымды және жедел түрде қысқартуға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік үшін экономикалық кеңістікті ұлғайтуға қосымша серпін береді.