Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шағын жер сілкінісін сезінгендерін жазуда, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да болғанын растады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9.
Магнитудасы MPV 5.7.
Жер сілкінісінің координаталары – 40,43° солтүстік. 77,03°Ш
Тереңдігі 10…
Read more
ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі.
"Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді.…
Read more
20 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев - 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және кредит" мамандығы бойынша , 2009 жылы Қазақ экономикалық…
Read more
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27,2 триллион теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжілісте «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкіметтің есебі тыңдалып жатыр.
Бүгінде бюджет тапшылығы 3,1 триллион теңге болады, бұл – жалпы ішкі өнімге 2,6 пайыз. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды.
«2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік…
Read more
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Заңда:
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;
Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар…
Read more
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде Маңғышлақ облысы Бейнеу кентінде туған. Ұлты қазақ.
Ол Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды үйымдастыру инженері» мамандығы бойынша, Л.Н.…
Read more
Бүгін Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар, яғни «Сәтті қадам» жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат - жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, соның негізінде мамандар даярлау. Мұндай жәрмеңке жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі форматта өтеді. Жәрмеңке…
Read more
Алматыда соттың алдын ала тыңдау кезінде Гүлмира Сатыбалды алқабилер сотынан бас тартты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматының қылмыстық істер жөніндегі сотында Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіті. Сотталушы орнында Гүлмира Сатыбалдымен қоса, оның жүргізушісі Мәди Батыршаев та отыр. Сот отырысы онлайн режимде өтіп жатыр, ал айыпталушылар Астананың тергеу изоляторында.
Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық…
Read more
Антикор экс-министр Бағдат Мусинге қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Антикор бұл ақпаратты теріске шығарды.
"Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ", - делінген хабарламада.
Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және…
Read more
Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың…
Read more
Мұхтар Әблязовтың тағы бір сыбайласы Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.
Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы – Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды.
Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған.
Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.
Ағымдағы жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді.
Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді.
Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.