Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Отырыс 14 маусымда өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусымда сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын", деп жазылған өкім мәтінінде.
Соңғы отырыстардың бірі 2024…
Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді,…
Қазақ әскерінің элиталы өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейі биыл өз түлектерінің жетінші буынын қанаттандырды. Аталмыш оқу ошағынан түлеп ұшқан шәкірттер қоғам қауіпсіздігі мен ел тыныштығы жолында абыройлы қызмет етіп келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Арыстан» мамандандырылған лицейі мемлекетіміздің білім беру ісіндегі жаңалықтардың бірі болып табылатын ерекше оқу жобасы. Ол 2011 жылы "NNEF" Қоғамдық қорының…
2024 жылғы 6 маусымда Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі сатып алуға ұсынылмайтын қалалық тұрғын үй кешендерінің (ТҮК) жаңартылған тізімін ұсынды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда тізім 45 тұрғын үй кешенінен тұрады.
"Тізім құрылысқа рұқсат құжаты толық емес немесе жобадан ауытқыған және басқа да бұзушылықтармен салынған бірқатар ТҮК-мен толықты".
Айта кететін…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавты Швеция Корольдігінің Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы 6 маусымда Ақорда мәлімдеді.
"Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін", – деп…
Жаңаөзенде бірнеше спорттық және балаларға арналған ойын алаңы қолданысқа берілді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Халық» қайырымдылық қорының демеушілігімен екі жыл ішінде қалада 60-тан аса спорттық ойын-сауық алаңдары мен футбол алаңдары салынған.
Жобаға жалпы құны 402 миллион теңге кеткен. Ойын алаңдары заманауи құрылғылармен жабдықталып, балалар үшін жағдайдың барлығы жасалған.
«2023 жылы Жаңаөзен қаласының әкімшілігінен әлеуметтік…
Маңғыстау облысының Ақшүкір және Сайын Шапағатов ауылында теңіз суын тұщытатын зауыт салынып жатыр. Кәсіпорын 25 мың адамның ауыз суға қажеттілігін толық өтейді деп күтілуде, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл ауылдарда 2007 жылдан бастап, су тапшылығы қатты білінеді. 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Халық" қайырымдылық қоры Ақшұқыр ауылында қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метр, екі…
Жаңа оқу кезеңінің басталуына орай 2024 жылдың 3-6 маусым аралығында Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығы бойынша жаттығулар өткізіледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі жеке құрам жауынгерлік техникамен марш жасау арқылы және теміржол көлігімен еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі полигондарға жеткізілетінін ескертеді.
"Онда әскери қызметшілер практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. Бөлімдердің белгіленген мерзімде мақсаты…
Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша бала бар екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 0-17 жас аралығындағы 6 841 527 бала бар.
"Оның ішінде 3,5 миллионы - ұл, 3,3 миллионы - қыз бала. Балалардың 59,7 пайызы қалалық жерде тұрады", - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы мәліметінде.
18 жасқа дейінгі балалардың үлесі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Құрметті отандастар! Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Жарқын жаз өскелең ұрпаққа қамқорлықтың символына айналған осы мерекеден басталады. Ұл-қыздарымыздың парасатты және жан-жақты болып өсуіне жағдай жасау, жас азаматтардың құқығын қорғап, денсаулығын сақтау әрдайым мемлекеттің басты басымдығы саналады.
Балалар – біздің болашағымыз.…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.

