Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі соңғы уақытта министр Аида Балаеваның атынан мәдениет қайраткерлеріне түрлі мәселелер бойынша хабарламалар келіп түскен жағдайлар жиілеп кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай хабарламалар алаяқардың ісі екенін мәлімдейміз. Аида Балаева мен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай хабарламаларды электрондық пошта, әлеуметтік желілер, мессенджерлер және басқа да байланыс арналары…
Read more
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады.
Read more
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек.…
Read more
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл барысы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Есірткіге қарсы айлық кезінде 5414 іс-шара өткізілген, оның ішінде 310 акция, 103 семинар, 427 дәріс және 359 кездесу, 113 дөңгелек үстел, 432 спорттық жарыс және турнир, 150 профилактикалық сипаттағы конкурстар бар.
"Оның 994-і нарколог-дәрігерлердің, 894-і еріктілердің, 215-і жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен, 425-і үкіметтік…
Read more
"Аман" кітабының авторы, қазақстандық ақын Меруерт Әзімбаева жаңа кітабының тұсауын кесті. Кітаптың басты кейіпкері Меруерттің атасы - Аманжол қария.
Кітаптағы басты ерекшелік- өлеңдер сол дәуірдің қайғысын жырлайды.
Кітапта бұл туралы тікелей айтылмаса да, қазақтардың еркін өмір салты мен тоталитарлық кеңестік жүйе арасындағы қайшылық жаппай ашаршылық пен қуғын-сүргінге ғана емес, мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген көшпелі өмір…
Read more
8-12 маусым аралығында Жаңаөзен қаласы Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан спорт ардагері, жаттықтырушы Ақылбек Теміровты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Дүбірлі додаға Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттері мен еліміздің барлық өңірінен 300-ге жуық спортшы қатысты. Олар бес күн бойы өзара мықтыны анықтады.
Жарыстың ашылу салтанатына…
Read more
Елордада Алматы ауданын екіге бөліп алтыншы әкімшілік ауданды құру жұмысы қолға алынған сәттен бастап түрлі ұсыныстар түсті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Басқарма басшысының айтуынша, зиялы қауым өкілдерімен, тарихшы ғалымдармен және қоғам қайраткерлерімен алтыншы…
Read more
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Отырыс 14 маусымда өтеді.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусымда сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын", деп жазылған өкім мәтінінде.
Соңғы отырыстардың бірі 2024…
Read more
Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев BNK Financial Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Бин Дэ-Инмен кездесті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мемлекет басшысы компанияның өз иелігіндегі BNK Finance Kazakhstan микроқаржы ұйымын толыққанды екінші деңгейлі банкке айналдыру ниетін құптады. Оның пікірінше, Оңтүстік Кореядағы жетекші банктің Қазақстанда қызмет етуі екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді,…
Read more
Қазақ әскерінің элиталы өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейі биыл өз түлектерінің жетінші буынын қанаттандырды. Аталмыш оқу ошағынан түлеп ұшқан шәкірттер қоғам қауіпсіздігі мен ел тыныштығы жолында абыройлы қызмет етіп келеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Арыстан» мамандандырылған лицейі мемлекетіміздің білім беру ісіндегі жаңалықтардың бірі болып табылатын ерекше оқу жобасы. Ол 2011 жылы "NNEF" Қоғамдық қорының…
Read more
Қазақ әскерінің элиталы өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейі биыл өз түлектерінің жетінші буынын қанаттандырды. Аталмыш оқу ошағынан түлеп ұшқан шәкірттер қоғам қауіпсіздігі мен ел тыныштығы жолында абыройлы қызмет етіп келеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Арыстан» мамандандырылған лицейі мемлекетіміздің білім беру ісіндегі жаңалықтардың бірі болып табылатын ерекше оқу жобасы. Ол 2011 жылы “NNEF” Қоғамдық қорының аясында құрылған. Іле Алатауының бөктеріндегі табиғаты әсем Бесқайнар ауылының аймағында орналасқан кешенде еліміздің барлық аймақтарынан келген 9 бен 11 сыныпта оқитын 240 жасөспірім қайырымдылық негізінде білім алады. Лицейдің бітіруші түлектері қазақстандық және шетелдік әскери оқу орындарында өз білімдерін абыроймен жалғастырып, ел беделін асқақтатуда.
Білім нысанының негізгі мақсаты – жасөспірімдерді жоғары деңгейлі біліммен қамтамасыз ету, олардың бойында ерлік, қажыр-қайрат, төзімділік, жоғары мәдениет, азаматтық борыш пен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Дәстүр бойынша биыл да бітіруші түлектерге аттестаттар мен арнайы төс белгілері тапсырылып, болашақ өмірлеріне сәт сапар тілеген құттықтаулар айтылды. Лицеистер алтын ұя – «Арыстан» лицейінің Туымен қоштасып, болашақ бітірушілерге арналған капсуланы орнатты.
“Құрметті түлектер, сіздер Қазақстанның болашағысыздар. Лицейде алған білім мен тәрбие бүкіл өмірлеріңізге азық болады деп ойлаймын. Бүгін бітіріп жатқан 80 баланың әрбірі ел дамуына үлес қосады деп сенеміз. Әр мемлекет өзінің Қарулы Күштерімен ғана қауіп-қатерден қорғана алады. Әскері күшті ел ғана жаһандану әлемінде өз орнын сақтайды. Ал біздің арыстандықтар кемел болашағымыздың қауіпсіздігін қорғайтын элиталық құрам болып қалыптасады. Бүгінде лицей Отан қорғаушылардың сапалы тобын қалыптастыруға күш салуда. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтыратын білімді де, саналы, патриот болашақ әскери қызметкерлерге тек ақ жол тілейміз! Көк байрағымыз көгімізде мәңгі желбіресін, Отан қорғаушы ұландар саны мен сапасы жыл сайын арта берсін”, – дейді түлектерді бітіру күнімен құттықтаған лицей бастығы – генерал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы Майкеев.