Skip to content Skip to sidebar Skip to footer

The power of media

Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстанның, сондай-ақ өз атынан барша Иран халқы мен оның басшылығына осы елдің Президенті мен Сыртқы істер министрінің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бастамаларын қолдағаны…

Read more

Алматы полициясы жол ережесіне енгізілген жаңа өзгерістерді түсіндірді

Осы жылдың 6 мамырынан бастап "Жол қозғалысы" ережелеріне бірқатар түзету енгізілді. Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі нақты қандай өзгерістер енгізілгенін түсіндірді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Ведомство өкілдері 6 мамырда Жол қозғалысы ережелеріне бірқатар түзету енгізілгенін еске салды. Атап айтқанда: 1. "Бір" үздіксіз таңбалау сызығын кесіп өту жауапкершілігін өзгерту. Енді жалпақ үзіксіз тұтас бір…

Read more

БҰҰ Зеленскийге байланысты мәлімдеме жасады

БҰҰ өкілі Стефан Дюжаррик ұйымның Зеленскийдің өкілеттік мерзімі аяқталғанына қарамастан Украинадағы президенттік сайлауды кейінге қалдыру туралы ұстанымын білдірді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Оның айтуынша, Зеленский БҰҰ үшін мемлекет басшысы болып қала береді. "Президент Зеленский біз үшін Украина мемлекетінің басшысы және бас хатшы Украина басшысымен байланысу қажет болғанда сөйлесетін адам болып қала береді", -…

Read more

Қазақстанда жаңа зейнетақы төлемдерін тағайындау қағидалары әзірленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және төлеу ережесін әзірледі, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Биылдан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады. Бас кезінде жарнаның көлемі жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі.…

Read more

Бүгін Алматыда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді

Алматыда 21 мамырда сейсмикалық оқу-жаттығу өтеді. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керегін айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. "Жаттығу кезінде және одан тыс уақытта өзін қалай ұстау керегін айтуды жөн көрдік. Өйткені, біздің сүйікті қаламыз сейсмикалық аймақта. Әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы маңызды", - делінген…

Read more

Қазақстан азаматтығын алудың жаңа ережелері жарияланды

шкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстан азаматтығын беру туралы шешім шығарар кезде негізге алынатын заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты, - barysmedia.com тілшісі. "Заң азаматтықтан бас тартудың мынадай негіздерін енгізеді, мысалы, мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейін, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясы негіздерін білмеу. Бастапқы деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Түзетулердің мақсаты – қоғамға…

Read more

Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді

Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр. "Бұған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен. Бүгінде бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді", -…

Read more

Иран президенті мен сыртқы істер министрі тікұшақ апатынан қаза тапты

Иран президенті Ибрагим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Mehr агенттігі апат болған орынның суретін де жариялаған. Иранның президентімен бірге болған барлық адам, оның ішінде СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапқан. Тікұшақ бортында болғандар: Ибрахим Раиси - Иран президенті. Хусейн…

Read more

Алматылықтар тағы да жер сілкінісін сезді 

Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шағын жер сілкінісін сезінгендерін жазуда, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да болғанын растады. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9. Магнитудасы MPV 5.7. Жер сілкінісінің координаталары – 40,43° солтүстік. 77,03°Ш Тереңдігі 10…

Read more

Ішкі істер министрлігі түлектерге маңызды ескерту жасады

ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі. 25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі. "Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді.…

Read more

ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.

25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі.

“Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға барынша жақын болады.”ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев

Сонымен қатар, ведомство соңғы жылдары мектептерде соңғы қоңырау аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырып жатқанын атап өтеді.

“Өкінішке орай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады. Өткен жылы мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында орын алды. Одан бөлек, ата-аналардың бақылауынсыз балалар тыйым салынған жерлерде суға түсіп жатады. Былтыр Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарындағы су айдындарының шомылуға жабдықталмаған жерлерінде жасөспірімдердің суға кету жағдайлары тіркелді.”ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев

Осыны ескере отырып, Ішкі істер министрлігі ата-аналар мен түлектерді қажетті тәртіп нормалары мен ережелерін сақтауға шақырады.

“Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102 арнасына, ал төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз”, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев

Бұған дейін ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі 25 мамырда барлық қазақ мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтетінін хабарлаған болатын.