Қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың өзін туған қызындай жақсы көргенін айтқан Жайсаңкүл Тұрабаева https://youtu.be/mtOdYKAyAkI?si=Nvpcbfx747tes28- Barys Media-ға сұхбат берді. Оның сөзінше, марқұм әншімен ерекше қарым-қатынаста болған және өмірден өтер алдында онымен қоштасып үлгерген.

Жайсаңкүл Тұрабаеваның айтуынша, Роза Бағланова оны ерекше жақсы көріп, үнемі еркелетіп жүрген.
«Мені өзінің қызындай жақсы көрді», – дейді ол.
Кейіпкердің сөзінше, Роза Бағлановаға қатысты оның Шымкентте туып, кейін тастап кеткен қызы туралы әңгіме ел арасында бұрыннан тараған.
«Баяғыда “Шымкентте туып тастап кеткен қызы тауып келіпті” деп халық шулаған», – деді Жайсаңкүл Тұрабаева.
«Өмірден өтер алдында қоштасып үлгердім»
Жайсаңкүл Тұрабаева Роза Бағланованың ауырғанын естіген кезде арнайы іздеп барғанын айтты.
Оның сөзінше, сол кездесуде әнші оған ренішін білдірген. Бірақ, қоштасып үлгергеніне риза.
«Өмірден өтер алдында, қоштасып үлгердім», – деді ол.
Кейіпкер Роза Бағлановаға қатысты естеліктерін жинақтап, «Розаның құпия қызы» атты кітап жазғанын да айтты.

Бұл тақырыпқа қатысты кейіпкердің сұхбаты әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Желі қолданушылары Роза Бағланова мен Жайсаңкүл Тұрабаеваның сыртқы келбетіне назар аударып, түрлі пікір қалдырған.
«Роза апамыздың туған қызы болған ба?», «Қатты ұқсайды екен», «Даусы да ұқсайды екен» деген пікірлер жазғандар бар.

