Әлемнің жетекші туристік бағыттарының бірі – Түркия туризм саласындағы қарқынды дамуын жалғастырып, былтыр 2022 жылмен салыстырғанда, 10 пайызға арттырған. Осылайша, 2023 жылы түріктер елі шет елдерден 56,7 миллион турист қабылдады. Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі елдің туризм кірісі бір жылмен салыстырғанда 17%-ға артып, 54,3 миллиард долларға жеткенін мәлімдеді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Туристердің сұранысы артқан…
Read more
Бір кездері Шығыс Рим және Осман империясының бас қаласы болған Ыстамбұл бүгінде әлемнің астанасына айналды. Жыл сайын тарихпен тілдесу үшін киелі шаһарға 16 миллионнан астам турист келеді. Жылдың басы біз үшін де Ыстамбұлға сапармен басталды. Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі және TGA (Түркия туризм таныту және дамыту агенттігі) ұйымдастыруымен бір топ журналист Түркияның рухани…
Read more
Түркияда қыс маусымы басталып, елдің ішкі, солтүстік және шығыс аймақтары қыстың суық айларында тамаша демалыстар ұсынады. Қар басқан тауларда Түркияда тамаша қысқы туризм мүмкіндіктерін ұсынатын бірнеше шаңғы орталықтары орналасқан. Ең заманауи құрал-жабдықтарменжабдықталған демалыс орындарында Түркияның ең үздік шараптары мен тағамдарын ұсынады.
Эрджиес: Анадолының шыңында Елдің орталығында, әлемге әйгілі Кападокиядан қысқа қашықтықта, Орталық Анадолы аймағындағы ең…
Read more
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық басылым күнімен құттықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Құрметті баспасөз қызметкерлері!
Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сонау 1913 жылы, дәл осы күні еліміздің баспасөз саласының бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Халқымыздың біртуар перзенттері – Алаш арыстары шығарған бұл басылым сындарлы сәттерде ұлтты ұйыстыруға айрықша ықпал етті.…
Read more
Тасжолда қалған 197 қазақстандық құтқарылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты көптеген азамат республика жолдарында "қарлы тұтқында" қалды.
Түркістан облысының құтқарушылары жүргізілген жұмыстар барысында 156 адамды, оның ішінде 17 баланы құтқарды, сондай-ақ жеңіл автомобильдер мен жүк көліктерін шығаруға көмек көрсетті.
Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелері Жуалы және Сарысу аудандарындағы…
Read more
Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты болады. Елдің басым бөлігінде бұлт басып, әр түрлі фазаларда жауын-шашын жауады, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.
Тек оңтүстік өңірлер әлі де антициклонның қорғауында, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлант…
Read more
ҰҚК Шымкентте Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.
"2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады.
Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған",…
Read more
Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлыққа…
Read more
"ҚазАвтоЖол" Қазақстанның бес облысындағы тасжолдарда бес учаске жабылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
«Алматы-Ташкент-Термез» 534-593-км, Айша Бибі а. – Түркістан обл. шек.– 59 км.
Жетісу облысында – 1 учаске:
«Үшарал-Достық» 84-184-км, Көктұма ст.-Достық ст.- 100 км.
Қостанай облысында – 1 учаске:
«Жезқазған-Петропавл» 252-335-км, Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. – 83…
Read more
Былтыр желтоқсанда Қазақстанда жаңа "Сақ стилі" сериясының бес мың банкноты айналысқа шықты. Ұлттық банк мәліметінше, осы сериядағы банкноттардың барлық номиналын кезең-кезеңімен шығару жоспарланған, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"2024 жылдың жазында номиналы 10 000 теңгелік банкнот шығару жоспарланған. Жалпы осы серия аясында 2025 жылдың аяғына дейін банкноттардың барлық номиналын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланған. 500 теңгеден басталып, номиналы…
Read more
Былтыр желтоқсанда Қазақстанда жаңа “Сақ стилі” сериясының бес мың банкноты айналысқа шықты. Ұлттық банк мәліметінше, осы сериядағы банкноттардың барлық номиналын кезең-кезеңімен шығару жоспарланған, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“2024 жылдың жазында номиналы 10 000 теңгелік банкнот шығару жоспарланған. Жалпы осы серия аясында 2025 жылдың аяғына дейін банкноттардың барлық номиналын айналымға кезең-кезеңімен шығару жоспарланған. 500 теңгеден басталып, номиналы 20 000 теңгелік банкнотпен аяқталатын жаңа серия”, – делінген Ұлттық банк Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында.
Жаңа дизайндағы банкноттар айналымға шыққаннан кейін бұрынғы дизайндағы банкноттар айналымнан кезең-кезеңімен шығарылады.
Параллель айналыс кезеңі аяқталғаннан кейін барлық банктер мен “Қазпошта” ескі банкноттарды тағы 3 жылға жаңасына ауыстырады. Осы кезеңнен кейін Ұлттық банк филиалдары ескі үлгідегі банкноттарды шектеусіз айырбастауды жалғастырады.