Amanat фракциясы ҚР премьер-министрі лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.
6 ақпанға қараған түні сағат 03:00 шамасында Семейдегі ең ірі "Акшын" киім базарында өрт шықты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Өртсөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Арнайы техниканың кедергісіз өтуі үшін қала орталығындағы бірқатар көшелер қоршауға алынды.
"Полиция қызметкерлері периметрде арнайы техниканың өтуін қамтамасыз ету, басқа да оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқық…
Шымкент әкімі Ғабит Сапарбеков "арамызда сатқындар бар" деген мәлімдеме жасағаннан кейін Антикор қызметкерлері залға кіріп келіп, тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Момыновты ұстайды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған. Осыған орай, әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісі үстінде аталған азаматты тергеу жұмыстары…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады", - делінген хабарламада.
Алматыда үшінші теміржол вокзалының құрылысы басталады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, бұл жоба бұрын жарияланған бірқатар құжатта, соның ішінде Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына енгізілген.
Алатау ауданындағы Алматы-3 вокзалының құрылысы агломерацияны дамыту жөніндегі жобалар кешеніне кіреді. Жаңа теміржол платформасы жүк және жолаушылар легінің бір бөлігін қайта бағдарлауға, сонымен қатар, айналымға қосымша…
Роман Скляр премьер-министр міндетін уақытша атқарады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл туралы Президенттің қаулысында айтылған.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін», – делінген қаулыда.
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаулыға қол қойды.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы:
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін.
4.…
Қытайда тағы да жер сілкінді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сейсмикалық станциялар желісі жерасты дүмпулерін 5 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 09:18-де тіркеді.
«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,9. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,3», – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет жоқ.
Қазақстан бокс федерациясына жаңа басшы болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысындағы Казцик ауылында туған.
Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдегі The Asia Pacific University of Technology & Innovation (APU) оқу орнында білім алған. Кәсіпкер, «Integra Construction KZ» ЖШС-ның бенефициар иесі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Отырыс 7 ақпанға белгіленіп, оған президент төрағалық етеді.
"Іс-шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленеді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Отырыс 7 ақпанға белгіленіп, оған президент төрағалық етеді.
«Іс-шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленеді», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

