22 ақпанда түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары 2 баллдық жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сейсмикалық станциялар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан. Афтершок.
МСК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 2 балл көлемінде сезілген.
Подробнее
Қазақстан Президенті Қазан қаласына жұмыс сапарымен барды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сапар аясында Мемлекет басшысы «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысады, сондай-ақ бірқатар кездесу өткізеді.
Подробнее
Павлодар облысының Майқайың кентінде тағы бір төтенше жағдай болды. Кентті ауыз сумен жабдықтайтын құбырдан ақау шыққан. Ақаудың учаскесі "Екібастұз қалалық су арнасы" МКК екінші көтергіш сорғысынан 27 шақырым қашықта орналасқан, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Оқиға болған жерге өңір басшысы Асайын Байханов, Екібастұз қаласының және Баянауыл ауданының әкімі, сондай-ақ, облыс ТЖД бастығы барып, жедел штаб…
Подробнее
ІІМ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топпен жолға қойылған синтетикалық есірткі өндіру және тарату арнасына тосқауыл қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Шетелдік үш азаматқа қатысты трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны, оған басшылық жасағаны және қатысқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Қылмыстық топтың мүшелері Ақмола облысы Ерейментау қаласының шетінде орналасқан, ұйымдастырушы сатып алған жеке үйде құрықталды. Онда күдіктілер психотроптық…
Подробнее
Мәжіліс депутаттары 21 ақпанда палатаның жалпы отырысында педофилия мен балаларды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізетін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мұндай нормалар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.
Құжатты депутат…
Подробнее
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрлік мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады.
"Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін…
Подробнее
Алматы облысы Іле ауданында білім бөлімінің басшысы 680 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі" ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын…
Подробнее
Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Ұлытау облысында өгей балаларын құлдықта ұстаған әйел қамауға алынғанын айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
"Ұлытауда балаларды құлдыққа алған әйел кеше жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп жазды Динара Закиева.
Подробнее
2024 жылғы 17 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ІІМ-мен бірлесе және Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Олардың ортасында деструктив діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталды. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал…
Подробнее
Алматы прокурорлары "Қазақстан" шипажайын мемлекетке қайтарды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
2013 жылы шипажай директоры "Қазақстан" шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды.
"2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Несие беру кезінде банк…
Подробнее
Алматы прокурорлары «Қазақстан» шипажайын мемлекетке қайтарды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
2013 жылы шипажай директоры «Қазақстан» шипажайдың барлық мүлкін кепілге қойып, кірісті жасанды түрде арттырып, ғимараттарды жөндеуге 2,6 миллиард теңге несие алды.
«2021 жылы 700 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырғаны үшін директор мен басқа да тұлғалар түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Несие беру кезінде банк шипажайдың төлем қабілеттілігіне талдау жүргізбегені анықталды. Осыған қарамастан 2022 жылы сотпен жалпы 3 миллиард теңге қарызды өндірді», — делінген хабарламада.
Алматы прокуратурасының апелляциялық шағымы бойынша, бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертіліп, бұл сома 1,8 миллиард теңгеге дейін қысқартылды.
«Өз кезегінде Медеу ауданының прокуратурасы кепіл шартының заңсыздығы мен жарамсыздығына байланысты оны жарамсыз деп тану туралы сотқа жүгінді.
12.12.2023 жылы прокурордың талап арызы Алматы қаласы АМЭС-пен қанағаттандырылды».
Осылайша, прокуратураның шараларымен құны 7 миллиард теңгеден асатын мемлекеттік санаторий заңсыз кепілден алынып, оның қарызы 1,2 миллиард теңгеге қысқарды.