шкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Қазақстан азаматтығын беру туралы шешім шығарар кезде негізге алынатын заңға енгізілген өзгерістер туралы айтты, - barysmedia.com тілшісі.
"Заң азаматтықтан бас тартудың мынадай негіздерін енгізеді, мысалы, мемлекеттік тілдің бастапқы деңгейін, сондай-ақ еліміздің тарихы мен Конституциясы негіздерін білмеу. Бастапқы деңгейді Ғылым және жоғары білім министрлігі анықтайды. Түзетулердің мақсаты – қоғамға…
Подробнее
Балқашта су деңгейі тағы 8 сантиметрге көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Трансшекаралық Іле өзенінен көлге су жіберу іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Бұған дейін су деңгейі 15 см-ге артып, 1 сәуірде 174 см-ге жеткен. Бүгінде бұл көрсеткіш 182 см-ге көтерілді. Осылайша, жыл басынан бері Балқаштағы су деңгейі 23 см-ге көтерілді", -…
Подробнее
Иран президенті Ибрагим Раиси мен Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Mehr агенттігі апат болған орынның суретін де жариялаған. Иранның президентімен бірге болған барлық адам, оның ішінде СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан тікұшақ апатынан қаза тапқан.
Тікұшақ бортында болғандар:
Ибрахим Раиси - Иран президенті.
Хусейн…
Подробнее
Алматы тұрғындары әлеуметтік желіде шағын жер сілкінісін сезінгендерін жазуда, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:10-да болғанын растады.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 308 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 12,9.
Магнитудасы MPV 5.7.
Жер сілкінісінің координаталары – 40,43° солтүстік. 77,03°Ш
Тереңдігі 10…
Подробнее
ҚР Ішкі істер министрлігі түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
25 мамырда еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өткізіледі.
"Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады. Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді.…
Подробнее
20 мамырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне жаңа кеңесші тағайындады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Ақорда мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев - 1974 жылы 25 наурызда Алматы облысында туған. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және кредит" мамандығы бойынша , 2009 жылы Қазақ экономикалық…
Подробнее
Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Бүгінде Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27,2 триллион теңге болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Мәжілісте «2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» Үкіметтің есебі тыңдалып жатыр.
Бүгінде бюджет тапшылығы 3,1 триллион теңге болады, бұл – жалпы ішкі өнімге 2,6 пайыз. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды.
«2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік…
Подробнее
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Заңда:
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі, тергеу изоляторларындағы және уақытша ұстау изоляторларындағы бейнебақылау жүйелерін бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленген;
Үкімет айқындаған өңірлерге қоныс аударатын адамдар…
Подробнее
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – деп жазылған хабарламада.
Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде Маңғышлақ облысы Бейнеу кентінде туған. Ұлты қазақ.
Ол Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды үйымдастыру инженері» мамандығы бойынша, Л.Н.…
Подробнее
Бүгін Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар, яғни «Сәтті қадам» жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат - жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, соның негізінде мамандар даярлау. Мұндай жәрмеңке жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі форматта өтеді. Жәрмеңке…
Подробнее
Бүгін Алматы гуманитарлы-экономикалық университетінде жыл сайынғы дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бос орындар, яғни «Сәтті қадам» жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат — жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог алаңын қалыптастыру, нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, соның негізінде мамандар даярлау. Мұндай жәрмеңке жыл сайын университет қабырғасында әртүрлі форматта өтеді. Жәрмеңке нәтижесінде бітіруші түлектер өздеріне керекті жұмыс орындарымен танысып, жұмысқа орналасады. Жыл сайынғы өткен жәрмеңке нәтижесінде университет түлектерінің 95 пайызы жұмыспен қамтылды.
Бүгін өткізілген жәрмеңкеде университеттің бірінші проректоры Бекенова Лидия Молдабайқызы шараға келген жұмыс берушілерге алғыс айтып, студенттерді мансап жолындағы алғашқы қадамдарымен құттықтап, университет түлектерін жұмыспен қамтуға арналған жобалар туралы айтты. Іс-шарада Алматы қаласы, Алматы облысынан бөлек, алыс аймақтардан келген жұмыс берушілерге сөз беріліп, жұмыс орындары туралы баяндауына, өз мекемелері туралы ақпарат беруіне мүмкіндік берілді. Бос орындар жәрмеңкесіне қатысушы жұмыс берушілерге 2024 жылы бітіретін түлектер туралы ақпаратты “Педагогика, бизнес және құқық” институтының директоры Нурлихина Гүлмира Болатқызы таныстырды.
Оқу орнында дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын жәрмеңкеге 40-тан астам мекеме қатысты. Олардың қатарында орта білім беру ұйымдары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, жекеменшік білім беру ұйымдары, өндірістік және сатумен айналысатын компаниялар бар. Іс-шараға қатысқан жұмыс берушілер тарапынан 400 бос жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге келген мекемелер бітіруші түлектермен ашық сұхбаттасып, өз кезегінде жұмысқа қабылдайтыны туралы мәлімдеді.