Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысын күтіп алу үшін трап алдында құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті
"Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек…
Read more
Қазақстанда зейнетақы жинағының жалпы көлемі 24 триллион теңгеден асып, бір жыл ішінде 4 триллион теңгеге немесе 20,9%-ға өсті. Бұл туралы 2025 жылғы 1 шілдедегі мәліметтерге сілтеме жасаған ресми хабарламада айтылды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Негізгі көрсеткіштер:
Міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) есебінен жинақ көлемі 22,85 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 18,7%-ға артты.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы…
Read more
Ресейде бұрыннан белгілі коронавирус түрінің мутацияланған жаңа нұсқасы – «Стратус» штамы анықталды. Бұл туралы Джордж Мейсон университетінің зерттеушілері мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Мамандардың айтуынша, жаңа штамның белгілері «Омикрон» нұсқасына ұқсас. Жұқтырған адам әуелі әлсіздік сезінеді, кейін мұрыннан су ағып, жөтел басталып, дене қызуы көтеріледі. Ауру әсіресе кәмелетке толмағандар арасында жиі тіркеліп отыр.
Қазіргі таңда «Стратус»…
Read more
20 шілде күні Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан XXXII Жазғы Дүниежүзілік Универсиадада қазақстандық спортшылар бір күнде төрт қола медаль жеңіп алды. Бұл – ел құрамасының Универсиададағы үлкен жетістігі, деп хабарлайды barysmedia.com.
Темірлан Тілеулес – алғашқы медаль иегері Таэквондодан сынға түскен Темірлан Тілеулес жарыстың жартылай финалында украиналық қарсыласынан ұтылып, қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстан…
Read more
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған "Вифа" тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл…
Read more
Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, бұл әңгімені «өте жақсы» деп сипаттады. Бұл туралы мемлекет басшысы өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Зеленскийдің айтуынша, әңгіме барысында ол Дональд Трампқа Украинаны қолдауға дайын болғаны үшін алғыс білдірген. Сондай-ақ екіжақты диалогта НАТО елдерінің қорғанысқа бөлетін шығындарын арттыру мәселесі көтерілген. Украина президенті…
Read more
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда 45,7 мың отбасы немесе 245,5 мың адам атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуда. Бұл мақсатқа жалпы 16,2 миллиард теңге бөлінді. Ал 2025 жылға арналған республикалық бюджетте АӘК төлеуге 10,7 миллиард теңге қарастырылған, - деп хабарлайды barysmedia.com.
АӘК-тің басты мақсаты қандай?
АӘК – бұл өмірлік қиын жағдайда қалған отбасыларға мемлекет тарапынан көрсетілетін…
Read more
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов үкімет отырысында теңге бағамының динамикасы туралы айтты, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жыл басынан бері теңгенің бағамы бір доллар үшін 519,73 теңгеге дейін, яғни 1 пайызға нығайғанын хабарлады.
Orbit® Ерекше аяқ-киім ұтып ал +100 арнайы сыйлықтар
Толығырақ
Сыртқы факторлар бойынша әлемдік сауда соғыстарына байланысты нарықтағы…
Read more
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр, найзағай күтіледі. 16 шілдеде батыста, солтүстікте, 17 шілдеде солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел болжанады. Тек елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады,…
Read more
Қасым-Жомарт Тоқаев "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, - деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды. Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін…
Read more
Қасым-Жомарт Тоқаев “QazaqGaz” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, – деп хабарлайды barysmedia.com.
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды.
Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған – Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді. Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы – ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды.
Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір отынды Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау көлемінің артуы – саладағы маңызды жетістіктің бірі. Сондай-ақ ұлттық компания басшысы Орта Азия – Орталық магистралды газ құбырында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары жөнінде айтты. Аталған жоба өңірлік энергетика саласындағы маңызды буын ретінде еліміздің рөлін арттыра түседі.
Мемлекет басшысының газдың ресурстық базасын дамытуға қатысты тапсырмасын орындау аясында бірқатар стратегиялық келісімге қол қойылды. Олардың қатарында “Аққұдық” және “Северный-2” учаскелеріндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар, сондай-ақ CNPC компаниясымен бірлесе “Северный-1” учаскесінде барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісім бар.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына газ саласында цифрлық шешімдер енгізу, соның ішінде NVIDIA жаңа графикалық чиптерімен жұмыс істейтін суперкомпьютерді қолдану жоспары жайында баяндалды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жылыту маусымына дайындыққа, еліміздің газ саласындағы әлеуетін жоспарлы түрде нығайтуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.