Share This Article
Алматы төтенше жағдайлар департаменті қалада 12 қаңтарда түнде көктайғақ болатынын ескертті, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Қазселденқорғау” ММ мәліметінше, түнде Алматының таулы аймақтары мен Алматы облысының кей жерлерінде қар түріндегі жауын-шашын түседі. Қардың қалың түсуіне байланысты тауларда қар көшкіні болуы мүмкін. Алдағы күндері тауға барудан бас тартқан жөн.
Осыған байланысты Алматы төтенше жағдайлар департаменті көлік иелері мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ кезінде жолдарда аса сақ болуды ескертті:
- қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу қиындай түседі, салдарынан жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін;
- көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда өту керек;
- жолдан өткен кезде ұялы телефонмен сөйлесіп, тағы басқа істерге алаңдамаңыз;
- аяқ киімді дұрыс таңдауға назар аударыңыз. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табанды болуға тиіс;
- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл сізге мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;