Share This Article
Алматы соты құнына жанар-жағармайдың үстеме ақысы кірген билет бағасын көтергені үшін Air Astana әуе компаниясына 876 миллион теңге айыппұл салу туралы шешім шығарды, – деп хабарлайды barysmedia.com ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Air Astana авиакомпаниясы ұшып шыққан күні немесе жақын күндердегі авиабилеттер сатып алынған кезде жолаушылардың барлық санаттарынан 3500-ден 6500 теңгеге дейінгі мөлшерде жанармай алымын негізсіз алғаны анықталды. Оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде реттемеген», – деп хабарлады агенттік өкілдері.
Нәтижесінде авиатасымалдаушы 876 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ компания 2024 жылдың соңына дейін ішкі рейстердің бағасын көтермеуге міндеттелді.