Share This Article
Шымкент әкімі Ғабит Сапарбеков “арамызда сатқындар бар” деген мәлімдеме жасағаннан кейін Антикор қызметкерлері залға кіріп келіп, тұрғын үй басқармасының басшысы Азат Момыновты ұстайды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің тарапынан қалалық басқармалардың бірінде басшы лауазымдағы азаматтың іс-әрекеттері күдік тудырғаны анықталған. Осыған орай, әкімдіктің бүгінгі аппараттық мәжілісі үстінде аталған азаматты тергеу жұмыстары жүргізілетін уақыт аралығына қамаққа алу мүмкіндігі берілді. Көпшіліктің көз алдында орын алған бұл жағдай сол жиынға қатысқан әкімдіктің басшылық құрамымен қатар барша қызметкерлерге ой салар деп білемін. Әр нәрсенің сұрауы барын, бірінші кезекте сұрау салар адам бар екенін әріптестерімнің ұмытпағаны жөн. Мұндайдан арашалап, қорғап қалар ешкім болмайды. Тек қана еңбекті адал атқарып, міндетімізді абыройлы орындап, ел алғысына бөленуіміз қажет”, – деп жазған қала әкімі Instagram-парақшасында.