Share This Article
ҰҚК діни радикалдарды ұстау туралы мәлімет берді, – деп хабарлайды barysmedia.com/тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне ілтеме жасап.
ҰҚК 2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда прокуратура және полиция органдарының жәрдемімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша операциялар өткізген.
“Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды. ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды”, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.