Share This Article
Семейде сауда орталығы өртеніп, екі мың саудагердің тауары жанып кетті, деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
КТК телеарнасының мәліметінше, өрт сөндірушілер тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтай алмаған. Соның салдарынан екі мыңнан астам саудагердің тауары түгі қалмай күлге айналды.
Шаш етектен шығынға батқан жұрт өтемақыны кімнен талап етеміз деп абдырап отыр. Ал жергілікті билік олардың банктен алған несие төлемін тоқтата тұруға өтініш жібермекші.
Жалпы орталықтан 2220 адам суда орнын жалға алып келген екен. Енді, олар жаппай полиция қызметкерлеріне арыз түсіруде. Қазір өрттің шығуына кінәлі тұлғаны анықтау үшін 15 тергеуші жұмылған.