Share This Article
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Отырыс 14 маусымда өтеді.
“Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусымда сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын”, деп жазылған өкім мәтінінде.
Соңғы отырыстардың бірі 2024 жылдың 19 қаңтарында өтті. Отырыста Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан қазақстандық әскери қызметшілерді БҰҰ бітімгершілік миссияларына жөнелту мәселесі бойынша депутаттарға жүгінді. Парламент БҰҰ миссиясына 430 қазақстандық бітімгер күшті жіберуді мақұлдады.