Share This Article
ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев үкімет отырысында елдегі ақылы жолдар желісін кеңейту жоспарына тоқталды, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрдің сөзінше, жыл сайын еліміздегі жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет. Осы орайда ол республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында ақылы жолдардың көлемін кезең кезеңімен енгізіп жатырмыз деді.
“Қазір 3 мың 200 шақырымда ақылы жүйе енгізілген. 11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жеткізіледі”, – Марат Қарабаев.