Share This Article
Маңғыстау облысының Ақшүкір және Сайын Шапағатов ауылында теңіз суын тұщытатын зауыт салынып жатыр. Кәсіпорын 25 мың адамның ауыз суға қажеттілігін толық өтейді деп күтілуде, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Бұл ауылдарда 2007 жылдан бастап, су тапшылығы қатты білінеді. 2023 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен “Халық” қайырымдылық қоры Ақшұқыр ауылында қуаттылығы тәулігіне 4000 текше метр, екі ауылдағы 25 мың адамды таза сумен қамтитын су тұщыту зауытын салу бойынша меморандумға қол қойды. Қор бұл жобаға 300 млн теңге бөлген.
«Мен осы ауылда (Сайын Шапағатов ауылы ред) 2018 жылдан бері тұрамын. Мына жер теңізге жақын болғандықтан халық көптеп көшіп келіп, су тапшылығы соңғы жылдарда қатты білінді. Бұрындары аптасына бір рет жіберілетін 1000 куб 2000 куб су енді, өскен халықтың есебінен мүлдем жетпейтін болды. Соңғы жылы «Халық» қайрымдылық қорының демеушілігімен ащы суды тұщытып тазартатын зауыт салынып ьаза суға қол жеткіздік. Сонымен қатар, халық жұмыспен қамтылып отыр. Сайын ауылында он мың, Ақшұқырда 15 мың адам тұрады. Қазір 24 сағат бойына ағып тұратын таза суды асыға күтіп жүрміз», – дейді ауыл тұрғыны әрі белсендісі Бағдат Руслан Бағдатұлы.
Иә, Маңғыстау халқының да қуанышты күніне аз қалды. Белгілі себептермен ашылуы кешеуілдеген таза су өңдеу зауыты биыл қалай да халық игілігіне жаратылары сөзсіз.