Share This Article
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі колледж студенттерінің шәкіртақысы биыл 50 пайызға артатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Министрлік мәліметінше, 2023 жылдың қыркүйегінде 250 мың колледж студентінің шәкіртақысы 50 пайызға өскен. Биыл студенттер стипендиясы тағы 50 пайызға артады.
“Орта буын мамандықтарының студенттері қазіргі 31 422 теңгенің орнына 41 896 теңге алады. Жұмысшы біліктілігі бар студенттер үшін шәкіртақы 32 681 теңгеден 43 574 теңгеге дейін көтеріледі”, – деді ТжКБ бас сарапшысы Дархан Сатанов.