Share This Article
Экономикалық тергеу департаменті Kcell компаниясының бұрынғы қызметкеріне іздеу жариялады. Бұл ақпаратты компанияның баспасөз қызметі растады, – деп хабарлайды barysmedia.com.
Бұған дейін желіде Kcell қызметкерінің киберқылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені туралы ақпарат жарияланған болатын. Ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.
“Бұл азамат компанияда 2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 28 ақпанына дейін шынымен жұмыс істеген. Айткешев А.Е. алаяқтық әрекеттер жасап, компанияға материалдық шығын келтірді деген күдікке ілінді”, – делінген хабарламада.