Share This Article
Астанада түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен “Энергетикалық журналистика: мұнай-газ нарығы“ тақырыбында БАҚ өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Семинар барысында журналистерге “Қазақстандағы мұнай-газ компанияларының отандық экономиканы дамытуға қосқан үлесі” туралы ақпарат берілді. «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сағынбайқызының айтуынша, Қазақстандағы мұнай өндірудің жалпы көлемінің 30 пайызын ТШО өндіреді.
“ТШО-ның 1 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі жергілікті шығындары сатылымның 1 миллион АҚШ долларына ұлғаюына және Қазақстанда 59 жұмыс орнын құруға әкелді. ТШО Қазақстанның номиналды ЖІӨ-нің 11 пайызын ынталандырды. «Шеврон» қолдайтын жұмыс орындарында 96 мың адам жұмыс істейді. Орташа жалақы жылына 737 миллион долларды құрайды”, – деді Айнұр Сағынбайқызы.
Сондай-ақ спикер ТШО лауазымдарының 95 пайызы Қазақстан азаматтары екенін (1993 жылғы 50 пайызбен салыстырғанда) атап өтті.
Аталған семинарда Қазақстан мұнай сервисі компаниялар одағының төрағасы Нұрлан Жұмағұлов мұнай-газ, баға саясаты, салық, газдандыру, құбырлардың экспорттық маршруттары туралы біраз ақпарат айтты. Мәселен, оңтүстік өңірлерде, соның ішінде Қызылордада мұнай өндіру деңгейі төмендеп кеткен.
Айта кетейік, түркітілдес журналистер қоры алдағы уақытта осындай тақырып төңірегінде семинарларды жиі өткізіп тұруға ниетті. Семинар соңында журналистерге сертификат берілді.