Share This Article
Алматы облысы, Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық паркі, Белбұлақ шатқалы, «Тау-Тұран» білім беру-сауықтыру кешенінде ХІ Халықаралық журналистика және коммуникация қысқы мектебі өтіп жатыр.
Қысқы мектептің алғашқы күнінде Дүниежүзілік радио күніне арналған «Радиохабар таратудағы жасанды интеллект: жаңа форматтары мен практикасы» тақырыбы аясында шеберлік сағаты өтті.
2014 жылдан бастау алған қысқы мектеп – білімді студенттер мен тәжірибелі журналистер арасындағы Медиа-диалог алаңы. Оффлайн режимдегі қысқы мектеп жұмысына Қазақстан өңірлерінен сонымен қатар, Эпиофия, Бангладеш, Ауғанстан, Қытайдан келген студенттер, оқытушылар мен журналистер қатысып, еркін ой алмасып, тәжірибе жинап жатыр.
XI -ші қысқы мектепті Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Көпбаев Темірғали Мұратбекұлы ашып берді.
Қысқы мектептің алғашқы күні поэзия кешімен аяқталды.
Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының 2-курс студенті Аяулы Мейрамқызы