Елімізде газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс, заңға бағынбағандарға айыппұл салынады, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін газбен жүретін көліктерге арнайы белгі қойылуға тиіс. Егер талап орындалмаса, көлік иелеріне айыппұл салынады.
Оның мөлшері – 3 АЕК (11 076 теңге – еск.). 2024 жылы 1 АЕК – 3692 теңге болады.
Министрлік дерегінше, Қазақстанда газбен жүретін 380 мыңнан аса көлік бар.
Автор
83