Share This Article
Франция президенті Эмманюэль Макрон Қазақстанға ресми сапармен келді, — деп хабарлайды barysmedia.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.
Франция президенті 2023 жылғы 1 қараша күнгі Қазақстанға ресми сапарынан кейін Instagram желісінде Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас жөнінде пікірін білдірді.
«Ұлы державалар қайта гегемон атануға ұмтылып жатқан, ал басқа елдер болжап болмайтын күйге түскен әлемде жаңа перспективалар құруға болатын серіктесің мен достарыңа арқа сүйей алатыныңды білген жақсы», – дейді Эммануэль Макрон.
Макрон «Қазақстан мен Франция осындай елдер қатарында» екенін атап өтті.
Эммануэль Макрон қазақ жастары туралы да ойын бөлісті.
«Бүгінгі таңда Қазақстан мен Франция арасында көптеген келісім бар. Күрделі мәселелер бойынша ынтымақтастық бар. Және біздің жастар бар! Астанада кездескен жастар достығымыздың көрінісі, мәдениеттеріміз бен тілдерімізді байланыстыратын буын», – деп жазады Франция президенті.