Share This Article
Ертең Қазақстанда телеарналар мен радио уақытша жұмыс істемейді, – деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
“24 қаңтарда сағат 03:00 мен 17:00 аралығында (Астана қаласының уақытымен) телерадио хабарларын таратуды өшіре отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз”, – делінген хабарламада.
“Қазтелерадио” АҚ үздіксіз және сапалы телерадио хабар таратуды қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізеді.