Алматы прокуратурасы ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
Алматы прокуратурасы "Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм" Акционерлік қоғамын тексеру қорытындысы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын ұрлау…
Маңғыстау облысының Жетібай ауылында West Oil компаниясының 500-ден астам жұмысшысы бір апта бойына ереуілдеуде. Олар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына ауысуды, еңбекақы төлеімінің бірыңғай жүйесін енгізуді және ескірген техниканы жаңартуды талап етеді,…
5 мың жылдық тарихымен және бірегей архитектуралық құрылымымен әлем назар аударатын Бирги Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO) «3 жылдағы ең жақсы туристік ауылдар тізіміне» енді. Бирги Түркиядағы Сакария…
Жаһандық Тұрақты Туризм Кеңесімен (GSTC) үкімет деңгейінде келісімге ең бірінші қол қойған ел – Түркия. Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгерісі конференциясындағы Түркияның панельдік отырысында елдің Ұлттық тұрақты туризм бағдарламасы талқыланды.…
Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) Түркияның Измир қаласы Селчук ауданындағы Ширинже ауылы «Әлемнің ең үздік туристік ауылы» деп аталды. Ширинже – табиғаты, тарихы, мәдениеті және гастрономиясымен танымал Түркияның…
Стамбул «Travel + Leisure» (T+L) «2024 жылы саяхаттауға болатын ең жақсы 50 орын» тізіміне енді және 2024 жылы саяхатшыларға ұсынылатын туристік бағыт болды. Қаланың жарқын атмосферасы мен көрікті жерлері қонақтарға…
Мәскеудегі ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесінің отырысы қарсаңында Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов "Ресей" халықаралық көрме-форумына қатысты, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Свердлов облысының стенді аясында Солтүстік Қазақстан…
Қазақтың танымал әндерінің ішінде құндылығын бірде-бір рет жоғалтпай, аға ұрпақтың да, жас өреннің де рухын оятатын шығармалар баршылық. Тәуелсіздік күні қарсаңында біз Отан, туған жер, туған өлке тақырыптарындағы әндерді бір…
2023 жылдың желтоқсанында қазақстандықтар 11 күн демалады, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі.
16 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін тойлайды. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен демалыс күні 18 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылады.
Осылайша, аптасына бес күн…
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, - деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің…
Жамбыл облысында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. Республикалық маңызы бар автожолдар жабылды, — деп хабарлайды barysmedia.com тілшісі өңір әкімдігі мәліметіне сілтеме жасап.
Ауа райының күрт нашарлауына (температураның төмендеуі, қарлы боран, көрудің нашарлығы) байланысты 12 желтоқсан бастап республикалық маңызы бар «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автобанының «Тараз-Алматы бағыты бойынша және облыстық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылған.
«Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен 13 желтоқсаннан бастап өңірлік жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізіп жатыр.
Құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам (ТЖД, әскери қызметшілер) жұмылдырылды», — делінген хабарламада.
14 желтоқсанда сағат 23.00-дегі жағдай бойынша құтқару бөлімшелерімен 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланғаны айтылды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылған (Қайнар-1, Алға-1,Қордай-3, Кенен-1).
«Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтыланып жатыр. Қатты жел мен қардың салдарынан Шу ауданында электр желілері үзіліп, тірек тіректері құлады.
Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігіп жатыр», — делінген хабарламада.
Облыстың 4 ауданының 32 елді мекенінде 8 882 абонент электр қуатынан ажыратылған.
«Қазіргі кезде желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жеткені айтылды. Алдағы күндері «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес 30 м/с қатты жел ұйытқуы сақталады».
Қалыптасқан жағдайға байланысты облыс бойынша қауырт желі нөмірлері іске қосылды: 8 7262 513575, 51 41 67.