2024 жылдың қарашасында Қытайдың Чжухай қаласында қайғылы оқиға болдв. 62 жастағы Фань Вэйцю джипімен жаяу жүргіншілер жолына шығып, 35 адамның өмірін қиды және 43 адамды жарақаттады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Қайғылы…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жеделхатта екі елдің…
АҚШ-тың жаңа президентінің айтуынша, Ресей президентімен кездесу келіссөздер басталған кезде өтеді, ал ол үшін дайындық қазірдің өзінде басталып кеткен, деп хабарлайды barysmedia.com.
"Мен оның келісімге келгісі келетініне үміттенемін", — деді…
Дональд Трамп ант беріп, АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде қызметіне кірісті. Онымен бірге Джей Ди Венс ант беріп, АҚШ-тың вице-президенті қызметін бастады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Дональд Трамп президент лауазымына кіріскен алғашқы…
TikTok АҚШ-та Трамптың сервисті тыйым салудан уақытша босатуға уәде беруінен кейін қайта іске қосылды, деп хабарлайды barysmedia.com.
TikTok өз мәлімдемесінде "сервисті қалпына келтіру процесінде" екенін хабарлады. Компания АҚШ-тың сайланған президентіне…
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 21-23 қаңтары аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстан тұрғындарын ауа райының нашарлауына және температураның күрт өзгеруіне дайын болуды сұрады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
2024 жылы республикалық бюджеттен 3 триллион 752,1 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның 1 триллион 182,3 миллирад…
Бас прокуратура 2024 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейінің өсуі байқалған Қазақстан өңірлерін атады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, жалпы қылмыстың 5,3…
Денсаулық сақтау министрлігі уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын өткізу, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасын беру ережелеріне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды barysmedia.com.
Жаңа редакцияда құжаттарды электрон форматқа көшіруді…
Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасының күрт өсуіне байланысты үкімет көкөністі үшінші елдерге экспорттауды жарты жылға шектеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министрдің тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы, Сауда…
Қазақстанның бірнеше өңірінде картоп бағасының күрт өсуіне байланысты үкімет көкөністі үшінші елдерге экспорттауды жарты жылға шектеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министрдің тапсырмасымен Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.
«Көрші елдерден, әсіресе Өзбекстаннан сұраныстың артуы және биылғы жоғары экспорттық бағалар салдарынан картоп экспорты 1,5 есеге өсті: 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін. Ажиотаждық сұраныс ішкі нарыққа әсер етті. Соңғы аптада экспортқа бағдарланған өндірушілердің баға деңгейі 170 теңгеден 270 теңгеге дейін көтерілді», — делінген үкіметтің хабарламасында.
Ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру үшін 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында картопты үшінші елдерге шығаруды 6 айға шектеу туралы шешім қабылданды.
«Бұл шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қолданылмайды, бірақ экспортқа қатаң бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар 16 қаңтардан бастап фитосанитарлық сертификаттарды беру толығымен тоқтатылды», — деп түсіндірді үкіметте.
Үкімет қабылдаған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, негізсіз баға өсімін болдырмауға және нарық қатысушыларының алыпсатарлық әрекеттерін шектеуге бағытталған. Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары антимонополиялық органдармен бірлесе отырып, жағдайды күшейтілген бақылауға алып, заңбұзушылықтар анықталған жағдайда шара қолданатынын мәлімдеді.