Тоқаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ауыс-түйіс жүргізді, деп хабарлайды barysmedia.com.
"Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.…
13 июня 2025 года в Международном выставочном центре «EXPO» в Астане состоялся Второй съезд предприятий лёгкой промышленности РК. Мероприятие, приуроченное к Году рабочих профессий и «Дню работников лёгкой промышленности», собрало…
Қазгидромет алдағы үш күнге — 14, 15 және 16 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағына солтүстік-батыстан циклондар жылжи бастайды. Бұл ауа…
Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігі аймақтағы шиеленіске байланысты ресми ұстанымын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
Елшілік Қазақстан азаматтарын сақтық шараларын күшейтуге және елшілікпен байланыста болуға шақырып отыр, деп хабарлайды.
Елшіліктің баспасөз қызметі…
Мемлекет басшысы "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды barysmedia.com.
Заңның мақсаты – жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту, сондай-ақ қоршаған…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда бүгінде 855 мыңнан астам адам көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды barysmedia.com.
Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыға…
Мемлекет басшысы Ресей Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп хабарлайды barysmedia.com.
«Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі…
«Қазгидромет» 12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды barysmedia.com.
ліміздің бірқатар өңірлерінде жауын-шашын мен найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде күн ыстық әрі ашық болады.
Астана…
Глава Минкультуры Аида Балаева высказалась по поводу давления на независимые СМИ. Она заявила, что это не просто атака на отдельных журналистов, но и вызов государству.
«Понятно, новые технологии диктуют новые…
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды barysmedia.com.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының…
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды barysmedia.com.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Словакияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Президент шағын құрамдағы келіссөз барысында премьер-министрдің елімізге жасаған сапары қазақ-словак серіктестігін нығайтып, екіжақты қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті.
– Қазақстан мен Словакияны тығыз ықпалдастық байланыстырады. Біз ірі жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Дегенмен тиісті деңгейде зерделеп және болашақта қолға алатын жаңа бағыттар бар деп ойлаймын. Сондықтан Сіздің бұл сапарыңызға ерекше мән береміз, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деген сенімдеміз. Сіздің еліңізбен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз және Словакияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы негізгі серіктестерінің бірі санаймыз. Сол себепті, мен Президент ретінде мемлекеттеріміз арасындағы ықпалдастықты түрлі салада кеңейту үшін бар күш-жігерімді саламын, – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде Словакия премьер-министрі қос елдің қарым-қатынасына тың серпін беруге және Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты өрістетуге дайын екенін жеткізді.
– Жоғары Мәртебелі Президент мырза, қонақжайлық танытқаныңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Елдеріміздің саяси ұстанымында алшақтық жоқ екенін растаймын. Сондықтан өзара тиімді экономикалық байланыс пен достыққа баса мән беруіміз керек. Бүгін біз қос тарапқа да қызықты әрі маңызды бірнеше жобаны талқылаймыз. Бұл сапарымның қорытындысы табысты болатынына сенімдімін, – деді Роберт Фицо.